Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады
ашық дереккөзі
50254
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова баспасөз мәслихатында бас қалада эпидемиологиялық ахуал нашарлағанын айтты деп хабарлады  turkystan.kz.
«SARS-Cov-2 вирусы омикрон штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап,  күрделі күйде қалып отыр. 22 маусым мен 5 шілде аралығында, яғни 2 апта ішінде 414 жағдай тіркелген болса, соңғы 2 аптада КВИ бойынша 3 970 жағдай анықталды. Сырқаттану көрсеткіші 9,5 есеге артты», - деп атап өтті қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері. 
Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша елорда «сары» аймаққа жақындады. Маусым айында КВИ-мен ауырған науқастардан алынған 30 оң сынамасына молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілген. Нәтиже көрсеткендей, 30 (20%) үлгінің 60-ы генетикалық сызыққа тиесілі. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері BA.1 Omicron түрі,  ал 30 үлгінің  9-ы ВА.5 Omicron-ға жататынын айтты.

Серіктес жаңалықтары