Ауыл тұрғындары жылқыны әдейі таптаған жүргізушінің үйіне барды

Ауыл тұрғындары жылқыны әдейі таптаған жүргізушінің үйіне барды

Ауыл тұрғындары жылқыны әдейі таптаған жүргізушінің үйіне барды
ашық дереккөзі
50311
Көлігімен жылқыны қасақана таптаған Алматы облысы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғынына жұрт наразылық білдірді. Ауыл тұрғындары оның үйіне барған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғындар түнгі уақытта жүргізушінің үйіне барып наразылық білдіргенін байқауға болады. Бұл жағдайды Полиция департаменті растады. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары олармен түсіндіру жұмысын жүргізген.
«Үйінің жанына шамамен 20-25 жергілікті тұрғын жиналды. Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы барды. Полицейлер жиналған бір топ адаммен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін барлығы үй-үйіне тарады», – деді полицей.  

Серіктес жаңалықтары