50265
Күзетшіні балағаттаған «прокурордың әйеліне» қатысты сот шешімі шықты
Күзетшіні балағаттаған «прокурордың әйеліне» қатысты сот шешімі шықты
Шымкентте күзетшілерге дөрекілік танытқан «прокурордың әйеліне» қатысты сот шешімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Шымкент қаласындағы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әйелді жауапкершілікке тартты. Қызылорда облысы прокурорының әйелі екенін айтып, күзетшілерге дөрекілік танытқан әйел 1984 жылы туған, бұрын ажырасқан жергілікті тұрғын болып шықты.
«Полиция осы оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады», - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Айыпталушы кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Осыны ескеріп, оны 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.