"Алтын орда" базарының иелерінен 47 млн теңге тәркіленді

"Алтын орда" базарының иелерінен 47 млн теңге тәркіленді

"Алтын орда" базарының иелерінен 47 млн теңге тәркіленді
ашық дереккөзі
50453
«Алтын орда» базарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
«Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 159- бабының 3-бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 теңге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді. Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындысы бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстеме немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған. Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енбеді.  

Серіктес жаңалықтары