50186
Жамбылда суға батып кеткен атасы мен немересінің денесі табылды
Жамбылда суға батып кеткен атасы мен немересінің денесі табылды
Жамбыл облысында өзенге батып кеткен 7 жастағы қыздың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 23 шілдеде Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылында болған. Немересімен бірге өзенге шомылуға барған қарт суға батып кеткен. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ер адамның денесін тапты. Одан кейін Талас өзеніне батып кеткен қыздың денесін бір тәуліктен астам уақыт іздеген болатын.
«Іздеу жұмыстары 24 шілдеде сағат таңғы 5:00-ден басталды. Оған Жамбыл облыстық ТЖД 74 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына суға батқан қыздың туыстары мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары да атсалысты. Қызды іздеу туралы әлеуметтік желіге жазылған хабарламаға еріктілер де үн қосып, көмектесті. Қыздың денесін су ағысы алып кеткен. Іздеу жұмыстарына барлығы 200 адам қатысты», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатбаева.Қыздың денесі 24 шілдеде табылды. Суға батқан ер адамның жасы 61-де, ал немересі 7 жаста болған.