50267
Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтсақ, 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні, 19 желтоқсан – жарнама маманы күні.
«Қазақстанда 1,6 млн-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, соңғы екі жыл қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мерекелік күн – Қазақстан кәсіпкерлері күнін 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін шын мәнінде өзекті және маңызды. Сонымен қатар қазір жарнама саласының мамандары танымал. Олар әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосып жүр. Бүгінде Қазақстанда 2000-ға жуық жарнама ұйымы жұмыс істейді. Оларда шамамен 100 000 маман еңбек етеді. Сондықтан жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылады», – деп жазылған Үкімет қаулысында.Аталған мерекелерді бекіту Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Құжатты «Ашық НҚА» порталында 2022 жылдың 8 тамызына дейін талқылауға болады.