Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа үндеу жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа үндеу жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа үндеу жасады
ашық дереккөзі
50571
Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, биыл Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Мұның бәрі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Агенттік бүгінде 3 мыңнан аса сайт бұғатталғанын хабарлады.
«Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте жеті адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді агенттіктің баспасөз қызметі.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.  

Серіктес жаңалықтары