Бірінші жаңа балабақшалар лицензия алады – Асхат Аймағамбетов

Бірінші жаңа балабақшалар лицензия алады – Асхат Аймағамбетов

Бірінші жаңа балабақшалар лицензия алады – Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөзі
50223
Енді жаңадан ашылатын балабақшалар лицензия алуға міндеттеледі деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов сапасыз балабақшалар мен балаларды ұрып-соғу фактілерін ешкім жоққа шығара алмайтынын айтты. Сондықтан талап қажет.
«Лицензия талаптары жоғары болмайды. Егер балабақша осы минималды талаптарға сәйкес келсе, онда қиындықсыз, өте қысқа мерзімде, электронды форматта лицензия алады. ...Балабақшалардың құрылтайшылары мен иелеріне дүрлігіп, қорқудың қажеті жоқ. Себебі, еліміздегі барлық балабақша бір күнде немесе бір айда лицензия беру тәртібіне өтеді деп айтып жатқан жоқпыз. Бірінші кезекте жаңадан ашылып жатқан жекеменшік, мемлекеттік балабақшалар лицензия алады. Келесі кезеңде тәуекелі көп ұйымдарға лицензия беру жұмысы жүргізіледі», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары