"Кешкі алтыдан соң тамақтанбау керек пе?" – Ғалым жауап берді

"Кешкі алтыдан соң тамақтанбау керек пе?" – Ғалым жауап берді

"Кешкі алтыдан соң тамақтанбау керек пе?" – Ғалым жауап берді
ашық дереккөзі
50471
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов «Кешкі алтыдан кейін тамақтанбау керек» деген ұстанымға қатысты пікір білдіріп, дұрыс тамақтану тәсілімен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Ғалым мұндай қағида тек артық салмағы бар адамдарға қатысты екенін атап өтті.
«Кешкі алтыдан соң тамақтанбау керек дегенді тек артық салмағы бар кісілер үшін ғана қолдануға болады. Ал басқа қызметтегі, әсіресе ауысыммен кешкі 6-да жұмыста болатын кейбір мамандық иелеріне тыйым сала алмаймыз. Сондай-ақ көптеген кеңсе қызметкерлерінің жұмыс кестесі кешкі 6-да аяқталатындықтан, кешкі асты дайындап тамақтанамын дегенше кешкі сағат 8 болуы мүмкін. Күні бойына жұмсаған энергия шығынының орнын кешкі аспен тиімді толтыру қажет. Кешкі асқа жеңіл, сіңімді, сүт, жарма мен көкөністердің асылған, бұқтырылған түрлерін тұтынған дұрыс. Ауыр қорытылатын майлы, қуырылған тағамдар болған жағдайда сіңімділігін жылдамдататын көкөніс салаттарымен бірге, ет тағамдарын ашыған сүт өнімдерімен үйлестіре, зат алмасуды жақсартатын көкөніс шырыны мен көк шәй қолданса, астың қорытылуы жылдамдайды», – деді ғалым.
Сондай-ақ Төрегелді Шарманов қозғалысы аз, дұрыс тамақтанбайтын жастар, жасы ұлғайған адамдар арасында іштің қатуы көп кездесетінін айтты.
«Іштің қатуы ішектегі ашу, божу үрдістерін бұзып, үлкен дәреттің іркілуіне, ішектегі іркілген қалдық заттар уытты қасиетке ие болып, ағзаның уыттануына әкелуі мүмкін. Ол  құрғақ фаст-фуд тағамдарын жиі қолданудан, тәулік бойына ішілетін сұйықтық және су мөлшерінің 1,5-2 литрден кем түсуінен болады. Үй жағдайында күніне 2-3 рет 50 гр шикі қызылша, сәбіз, алманы үккіштен өткізіп, өсімдік майымен салат түрінде не шырынын сығып ішу керек. Ертеңгілік асқа сұйық сұлыдан жасалған сүт көжесін, түске көкөніс сорпасы не көжені қара нанмен, бесіндік асқа йогурт, кешке өсімдік майы қатылған шикі көкөністер салатымен буға пісірілген тағамдар пайдалы. Жатарда ішкен 1 кесе айран ішектің жиырылғыштық қызметін жақсартады», – деді Қазақ тағамтану академиясының президенті.
 

Серіктес жаңалықтары