Alibaba «қара тізімге» енді

Alibaba «қара тізімге» енді

Alibaba «қара тізімге» енді
ашық дереккөзі
269
Қытайдың танымал онлайн сауда желісі Alibaba тағы да АҚШ-тың «қара» тізіміне енді. АҚШ билігінің пайымдауынша, компания лицензияланбаған өнімдерді жиі сатқан, деп хабарлайды ВВС. Осыдан төрт жыл бұрын компания аталған тізімнен шығарылған болатын. Алайда қазір АҚШ билігінің мәліметінше, Alibaba Group-қа тиесілі Taobao онлайн платформасы контрафактілік әрекеттермен жиі айналысады. Ал Alibaba Group президенті Майкл Эванс болса мұндай шешіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, бұл шешім қандай фактіге сүйеніп қабылданғаны түсініксіз немесе саяси жағдай болуы да мүмкін. Себебі АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің сайлау науқанын өткізу кезінде жекеменшік құқықты бұзып отырған қытайлық компанияларды атаған болатын. Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Контрафактілік тауарларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалиция жетекшілігі (IACC) «авторлық құқықты бұзды» деген күдікпен Alibaba-ны ұйымнан шығарған.

Серіктес жаңалықтары