Отбасылы келіншек қалыңмал үшін бойдақ жігітке тұрмысқа шыққан (ВИДЕО)

Отбасылы келіншек қалыңмал үшін бойдақ жігітке тұрмысқа шыққан (ВИДЕО)

Отбасылы келіншек қалыңмал үшін бойдақ жігітке тұрмысқа шыққан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50455
Ақшадан тарыққан қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол тұрмысқа шыққан деп хабарлады turkystan.kz Astana арнасына сілтеме жасап. Қалыңмалын алған соң түрлі сылтаумен қашып кеткен. Айлакер әйелдің  жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған. Жұрт мұны қызу талқылап жатыр.  «Бұл – бірінші жағдай емес» дейді білетіндер.  Қос келіншек мұны кәсіп қылып алғанын айтады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді.  Ал құзырлы органдар  бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.
«Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай да өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Журналист «өтірік күйеуге тиіп, артынан қалыңмал әкелген соң түрлі сылтаумен «ғайып болатын» келіндер жайлы» көп естігенін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=ng1dIhO9TUE&t=9s

Серіктес жаңалықтары