50294
Ақтау екінші Түркияға айналды – шетелдік саяхатшы (ВИДЕО)
Ақтау екінші Түркияға айналды – шетелдік саяхатшы (ВИДЕО)
Ақтауда 195 мың рубльге демалған ресейлік саяхатшы Қазақстанды Түркиямен салыстырды деп хабарлады turkystan.kz ZTB Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
«Ақтау екінші Түркияға айналды ма дерсің?!» – дейді ол. Мысырдағы демалысын Қазақстанға ауыстырған турист жергілікті демалыс орындарының тиімді және тиімсіз тұстарын атап өтті.«Египеттің орнына Ақтаудағы Каспий теңізінің жағасындағы бес жұлдызды қонақүйде демалуды жөн санадым. Екі ересек адам мен балаға сегіз күндік демалыс құны 195 мың рубльге шықты. Қазақстанда демалудың артықшылықтары ретінде тікелей рейстің болуын, ішкі төлқұжатпен кіру мүмкіндігін және тілдік кедергінің жоқтығына өте қуаныштымын. Мен өз таңдауыма өкінбеймін», – дейді саяхатшы.Айта кетейік, жыл сайын Ақтауға келетін туристер саны артып келеді. Осыған байланысты қаладағы туристік нысандарды дамыту бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Дегенмен, Каспий теңізінің тартылып кетпеуіне барлық жағдайды жасап, одан әрі әсемдене түсуіне атсалысуымыз керек.