Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге қайтарылады

Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге қайтарылады

Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге қайтарылады
ашық дереккөзі
50330
Қазақстандық тұтынушыларға жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге қайтарылады деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептеу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмысы аяқталды. Қаражатты қайтару жүйесі жаңа жылыту маусымында (2022-2023 жылдар) аванс ретінде немесе 2022 жылдың соңына дейін дербес шотта көрсетіледі.
«Табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізуге міндетті. 2021-2022 жылдарда жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есептеу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін ҚҚС-ты ескере отырып, жалпы сомасы 489 миллион 950,2 мың теңге жылу энергиясы үшін төлемақыға қайта есептеу жүргізді», – деп хабарлады комитеттен.  

Серіктес жаңалықтары