50355
Бақытгүл Хаменованың ісі: сот процесі ашық өтеді
Бақытгүл Хаменованың ісі: сот процесі ашық өтеді
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот процесі қашан өтетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі әкім орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.
Айта кетейік, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен болатын.