Әткеншекте ойнаған бала екі саусағынан айырылды

Әткеншекте ойнаған бала екі саусағынан айырылды

Әткеншекте ойнаған бала екі саусағынан айырылды
ашық дереккөзі
50411
Әткеншекте ойнап жүрген 13 жастағы бала екі саусағынан айырылды. Оқиға Оралда болған деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 27 шілде күні бала аулада ойнап жүріп жарақат алған.
«2009 жылғы бала Х.Доспанова көшесі, 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажер жабдығында ойнап жүріп, жарақат алған. Салдарынан қолының бірнеше саусағын кесіп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.
Баланың бір саусағы сол жерде кесілсе, екіншісін ауруханада алған. Қазір ем қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары