50863
Джо Байден «Әл-Каида» басшысының көзін жойғанын мәлімдеді
Джо Байден «Әл-Каида» басшысының көзін жойғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында «Әл-Каида» жетекшісі Айман әл-Завахиридің көзін жойғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, бұл содырлар тобына 2011 жылы Усама бен Ладенді өлтіргеннен кейінгі ең үлкен соққы болып отыр. Завахири 31 шілдеде Ауғанстанда терроризмге қарсы операция жүргізу кезінде, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың соққысымен өлтірілген. Ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуыл – АҚШ-тың Ауғанстан ішіндегі алғашқы соққысы.
[caption id="attachment_190646" align="alignnone" width="1210"] Фото: reuters.com[/caption]
«Қазір әділдік орнады және лаңкестердің басшысы енді жоқ. Қанша уақыт өтсе де, қайда тығылсаң да, біздің халқымызға қауіп төндіретін болсаң, Америка Құрама Штаттары сені тауып алып, көзіңді құртады», – деді Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде.Айман әл-Завахири 2011 жылы Усама бен Ладеннен кейін «Әл-Каиданы» басқарды.