Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Алматы облысының прокуроры тағайындалды
ашық дереккөзі
50362
Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Берік Абызбайұлы Адамов Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап. Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызмет атқарды. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.  

Серіктес жаңалықтары