50356
«Сот шешіміне разымыз»: Айтпаеваның анасы Бас прокуратураға алғыс айтты
«Сот шешіміне разымыз»: Айтпаеваның анасы Бас прокуратураға алғыс айтты
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаева сот шешіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сот әділ өтті. Әкесі екеуміз сот шешіміне разымыз. Осы процеске қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Грузия тарапы өзін лайықты көрсете білді, қажетті сараптаманың бәрін жүргізді. Әділ шешім шығарғаны үшін Қазақстанның Бас прокуратурасына, судьяға және менімен бірге соңына дейін барған қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Қызымды қайтара алмаймын, жүрегім қан жылайды. Ұлым ғана өмір сүруге құлшыныс береді. Қызым соңғы сөзінде «Мама, оған жақсы білім бер» деген еді», – деді Айсұлу Айтпаева журналистерге.Айта кетейік, бұған дейін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Мұрат Мейірбековті 15 жылға бас бостандығынан айырғанын жазған болатынбыз.