«Қазақстанда дүниеге келдім»: Фирузадан жеңілген ресейлік спортшы

«Қазақстанда дүниеге келдім»: Фирузадан жеңілген ресейлік спортшы

«Қазақстанда дүниеге келдім»: Фирузадан жеңілген ресейлік спортшы
ашық дереккөзі
50639
Грэпплинг және панкратион бойынша Ресей біріншілігінің жеңімпазы Карина Оңдасынова (2-1) Фируза Шариповамен ММА-дегі жекпе-жегінен кейін сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz.  18 жастағы спортшы Қазақстанда дүниеге келгенін айтты. Оған қазақстандық тәжірибелі спортшымен жекпе-жек өткізу оңайға соқпаған.
"Мен Ақтөбеде дүниеге келдім. Әкем – қазақ, анам – орыс. Қазір Мәскеу қаласында тұрамын. Екі апта бұрын 18 жасқа толдым. Биыл ғана мектепті бітірдім. Болашақта кәсібімді спортпен байланыстыратын шығармын", – деді спортшы vesti.kz-ке берген сұхбатында.
Карина Оңдасынова қазақстандық спортшымен жекпе-жегіне бір ай дайындалған. Ол Фируза Шәріпованың техникасы мықты әрі тәжірибелі боксшы екенін атап өтті. Сонымен қатар әлем чемпионынан жеңілгеніне өкінбейтінін жеткізді. Айта кетейік, екі спортшының жекпе-жегі Алматыда OCTAGON 33 турнирінде өтті. 63,5 келі салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын. Бірақ Шарипованың бірінші раундтағы жеңісімен аяқталды. Ал 18 жастағы Карина Оңдасынова бірінші рет жеңілді.    

Серіктес жаңалықтары