Ақтауда полицейді өлтірген күдіктіге қатысты тың мәлімет айтылды (ВИДЕО)

Ақтауда полицейді өлтірген күдіктіге қатысты тың мәлімет айтылды (ВИДЕО)

Ақтауда полицейді өлтірген күдіктіге қатысты тың мәлімет айтылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50310
Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-шағынауданда қасақана өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Астана телеарнасына сілтеме жасап. Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттарында түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан жанында тұрған ер адам оның жарасын таңып жатқанын көруге болады. Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастар кездесуінде танысымен сөзге келіп қалған. Ол жанжал кезінде пышақ ала жүгіріп, полицейді мойнынан жаралаған. Полицей ауруханада есін жимаған күйі көз жұмды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды. Марқұм еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері екені анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы. https://www.youtube.com/watch?v=SmcxtHqswlU&t=18s

Серіктес жаңалықтары