51889
«Құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы»: дәрігер аллергия мен коронавирустың ортақ симптомдарын атады
«Құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы»: дәрігер аллергия мен коронавирустың ортақ симптомдарын атады
Коронавирустың симптомдарын маусымдық аллергиядан ажырату қиын болуы мүмкін. Оның ортақ белгілерін тәжірибелі дәрігерлер біледі деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың аллерголог-дәрігері Әйгерім Кулушева ауырсыну басталғанда тұмау, коронавирус, жедел респираторлық инфекциялар, маусымдық аллергиялар ұқсас болатынын айтты.
Алғашқы белгілері:
мұрыннан су ағу,
температураның көтерілуі,
тамақ ауруы, жыбырлауы,
құрғақ жөтел,
жалпы мазасыздық.
«Коронавирусты маусымдық аллергиядан айыру қиын болуы мүмкін. Өйткені аллергиялық реакцияда мұрын бітелуі, мұрын жолдарының ісінуі, жөтел және көздің жасаурауы болуы мүмкін. Коронавирус та кез келген ЖРВИ симптомдары сияқты ұқсас белгілермен басталуы мүмкін. Аллергиялық реакцияның негізгі симптомы – мұрын мен көздің қышуы. Бұл ретте аллергиямен ауыратындардың дене температурасы 37,5 градустан жоғары көтерілмейді. Орташа ковидте температура 37,5-тен жоғары көтеріледі, ал бұл аллергияға тән емес», – деді Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының аллергологі Әйгерім Кулушева.Дәрігер кез келген күдікті белгілер болған кезде ауруды анықтау үшін ПТР тестін тапсыруға кеңес берді.
«Егер бірқатар белгілер осы жылы ғана пайда болса және бұл бұрын-соңды болмаған болса, кем дегенде, екі рет сынақтан өтіп, ковид жоқ екеніне көз жеткізіп, содан кейін аллергиялық реакцияның не екенін анықтау үшін аллергологпен байланысу керек. Маусымдық аллергияда мұрынның қышуы, көздің қызаруы, сонымен қатар мұрыннан су ағу белгілері болады. Аллергияға тән белгі – ковид кезінде болмайтын түшкіру, мұрыннан су ағу немесе мұрын бітелуі. Аллергия кезінде дереу құрғақ жөтел басталады. Ал аллергияға тән емес температура анализ тапсыруға себеп болады», – деді дәрігер.