50482
Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы алтыншы рет жеңіске жетті
Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы алтыншы рет жеңіске жетті
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы алтыншы рет жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Әйелдер құрамасы Словакияны 3,5:0,5 есебімен жеңді. Қазақстандық шахматшылар қатарынан Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Ксения Балабаева қарсыласымен тең ойнады. Бұл - қазақстандықтардың алтыншы жеңісі. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Вьетнамды 2,5:1,5, Гватемаланы 4:0 есебімен жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түскен болатын. Ал Әзербайжанға 1:3 есебімен жол берді.
Ал еліміздің ерлер құрамасы бүгін Әзербайжанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберді.