51565
Шығыс Қазақстанда кене шаққандар көбейді
Шығыс Қазақстанда кене шаққандар көбейді
Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жергілікті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккендер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.
«Кене энцефалитіне шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлерге уақтылы, яғни үш күннен кешіктірмей қаралған адамдардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», - деп жазылған ақпаратта.Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағдайда жүргізіледі. Инфекция жұқтырған өңірдің жеті тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жатқызылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды.