50710
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз іздестіріліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Ол 7 тамыз күні таңертең үйден шыққаннан кейін оралмаған. Қазір қайда екенін ешкім білмейді. "Костанайские новости" басылымының жазуынша, кішкентай қыз осыған дейін екі әпкесінің қарауында болған. Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі – 18 жаста. Қыздар таңертең оянған кезде сіңлісі үйде болмаған. Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлады.
Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Іздеуге еріктілер де қосылған.