Елімізде төрт жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысы өсті

Елімізде төрт жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысы өсті

Елімізде төрт жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысы өсті
ашық дереккөзі
50251
Мәдениет және өнер саласындағы бірқатар жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысы өсті. Осыған байланысты Үкімет тиісті қаулы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz  Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
«2025 жылға дейінгі Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген. Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарға қатысты қолданылады, сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізілетін болады», - деп жазылған ресми хабарламада.
Қаулы төрт жоғары оқу орнына қатысты: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Серіктес жаңалықтары