2021 жылғы білім саласындағы кейбір көрсеткіштер көңіл көншітпейді – Нұрлыбек Нәлібаев

2021 жылғы білім саласындағы кейбір көрсеткіштер көңіл көншітпейді – Нұрлыбек Нәлібаев

2021 жылғы білім саласындағы кейбір көрсеткіштер көңіл көншітпейді – Нұрлыбек Нәлібаев
ашық дереккөзі
50331
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық режимде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын өңірлерде іске асыру мәселелері және халықпен кездесу қорытындылары қаралды. Жиында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндамаларын тыңдаған Үкімет басшысы балабақшадан бастап білім берудің барлық деңгейінде халықтың сапалы білімге қол жеткізу мәселесін тағы бір пысықтады.  width= Мәселен, Қызылорда облысы 2021 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жоспарланған 6 180 орынның тек 1 363 орындаған, яғни 21%. Өткен жылдың көрсеткішіне сәйкес, мектеп құрылысы жұмыстары бойынша да біздің аймақ жоспарланған көрсеткішке қол жеткізбей, соңғы қатардың бірінде орналасты. Нақты айтсақ, 2 мектеп құрылысы уақтылы жүргізілмей, 900 оқушы қамтылмай қалған. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 17 облыстың ішінде Қызылорда 16-орында. Яғни, 2021 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 1240 орынға жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс кем жүргізілген. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне кемшіліктерді талдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында облыс әкімі білім саласы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмегенін айтып, бірінші басшылардың қызметін сынға алды.
"Өткен жылғы көрсеткішкерге сәйкес, Қызылорда облысы жоспарды орындамай, рейтингтің соңғы қатарында тұр. Бұл - жұмысымызға үлкен сын. Қазір үш мектептің күрделі жөндеуі жаңа оқу жылына дейін аяқталмай қалу қаупі бар. Бұл балалар үшін ыңғайсыздық тудырады. Елді мекенде мектеп болмай, көрші ауылға қатынап оқитын балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Сол себепті құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау қажет. Сапаға ерекше мән беріңіздер, арнайы комиссия жіберіп тексеретін боламыз. Қажет болған жағдайда құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтамаған мердігер мекемеге шара қолдану керек. Бұл жұмысқа облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, Білім басқармаларымен қатар аудан әкімдері тікелей жауапты", - деді Н.Нәлібаев.
Өңірде қазір 6 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде. Тапсырыс беруші – Құрылыс басқармасы. Дегенмен, төрт мектептің (Қазалы – №250, Қызылорда – Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы – 300 орындық 2 мектеп) құрылысы мерзімінен кеш жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысы құрылыс жұмысының уақтылы аяқталмауы басшылардың салғырттығы екенін атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
"Бізде әлі күнге дейін құрылысы 3 жылдан бері жалғасып келе жатқан мектептер бар. Пайдалануға беру мерзімі өтіп кетсе де, жауапты басшылар бұл жұмыстарды дұрыс қадағаламаған. Балалар лайықты білім ошақтарында білім алуы қажет. Сондықтан мәселені шұғыл арада шешіңіздер", - деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда облыс әкімі тиісті көмек түрлерін алатын арнайы санаттағы балаларды киім-кешек, оқу құралдарымен қамтуға қаражаттың жетіспеушілігі бар екенін алға тартты. Білім басқармасының басшысына жұмысты дұрыс үйлестіруді, қала және аудан әкімдері де немқұрайлық танытпай, мүдделі болу керектігін қатаң тапсырды. Мұнымен қоса, «Мектепке жол» акциясын қала, аудандарда лайықты деңгейде жүргізу қажет деді. Жиында қаралған екінші мәселе, халықпен кездесулер бойынша облыс әкімі Шиелі ауданың әкімі мен Қызылорда қаласының әкіміне тұрғындармен кездесу өткізетін орынның дұрыс таңдалмағанын және үйлестіру жұмыстарының жеткілікті деңгейде болмағанын жеткізді. Аймақ басшысы аудан, қала әкімдері халықпен сындарлы диалог орнатуға әрдайым мүдделі болып, өзекті мәселелерді өз уақытында шешуге атсалуы қажет деді.

Серіктес жаңалықтары