222
"Боярышник ісіне" қатысты төрт адам қамалды
"Боярышник ісіне" қатысты төрт адам қамалды
Ресейде "Боярышник ісіне" қатысты төрт адам тұтқындалды. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігі хабарлады. Иркутск сотының шешімімен тағы екі адам үйқамаққа алынған. Бұл іс бойынша 19 күдікті ұсталған.
17 желтоқсан Иркутскіде алкоголі бар косметикалық "Боярышник" сұйықтығынан уланып 74 адам көз жұмғаны хабарланған. Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтық өкілінің хабарлауынша, құрамында улы заты бар сұйықтықтан барлығы 122 адам зардап шеккен, оның 31-і ауруханада жатыр.
Иркутскіде ваннаға арналған, құрамында алкоголі бар "Боярышник" концентратын ішіп уланған адамдар ауруханаға өткен аптаның соңында түсе бастаған. Кейін концентрат құрамында адам өліміне әкеліп соқтыратын улы метанол болғаны анықталды.
Иркутск облысында төтенше жағдай енгізілген.