Беларусьте коронавирустың жаңа штамы табылды

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы табылды

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы табылды
ашық дереккөзі
50270
Беларусьте коронавирустың жаңа штамы табылды деп хабарлады  turkystan.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияға сілтеме жасап.  Бұл – «омикрон-ниндзя». Бірінші жұқтырған адам - Минскіде, екіншісі - Витебскіде. Екі жағдай да зертханалық түрде расталды. Науқастар вирусты жеңіл түрде өткізіп жатыр. «Омикрон-ниндзя» ағзаға тез еніп, иммунитетті әлсіретеді және антиденелерді елемейді. Оны жұқтырған бір науқас 12 адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл басқа штамдарға қарағанда екі есе көп. Омикронның жаңа кіші түрі – Оңтүстік Африкадан мутацияланған вирустың бесінші желісі. Қазір бұл штамм АҚШ пен Батыс Еуропада кең таралған.
«Бұл, негізінен, тұрақты түрде мутацияға ұшырайтын «омикрон». Сондықтан біз қандай да бір ерекше жағдайларды күтпейміз", – деді Беларусьтің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері. 
Айта кетсек, Беларусьте халықтың 70 пайызы вакцина алған. Олардың 27 пайызы қайта вакциналаудан өтті. Елде бес жастан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация жасалады. Ресейлік және қытайлық препараттарды қолданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары