Ақмола облысында екі бала түтінге тұншығып көз жұмды

Ақмола облысында екі бала түтінге тұншығып көз жұмды

Ақмола облысында екі бала түтінге тұншығып көз жұмды
ашық дереккөзі
50223
Ақмола облысының Жақсы ауданында сіріңкемен ойнаған бір үйдің екі баласы түтінге тұншығып, көз жұмды деп хабарлады  turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін, тамыздың 11-інде Жаңа Қима ауылында болды.
«Анықталғандай, үйде ересектердің қарауынсыз қалған 3 және 5 жастағы екі бала сіріңкемен ойнаған. Салдарынан үйдегі жиһаз өртенген. Үйден түтін шығып жатқанын көршісі байқап қалған. Ол дереу терезені сындырып, балаларды сыртқа шығарды және өрт сөндірушілерге хабарлады. Шақыру орнына Жаңа Қима ауылындағы 28-ші өрт сөндіру бекетінен 3 адам және 1 өрт сөндіру техникасы шықты. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Алайда, түтіннен уланған балалар Қима ауылдық емханасына дереу жеткізілгенімен, естерін жимастан көз жұмды», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, ведомстводан атап өткендей, қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары