50264
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалған
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалған
Оңтүстік Кореяға бармақшы болған 60-тан астам адам сан соғып қалды. Өйткені Корея республикасына кіруге электронды рұқсат алып береміз деген «Easy Visa» компаниясы уәдесінде тұрмаған деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Әр адамнан 700 мың теңгеден жинап алған фирма жұртты бірнеше айдан бері сандалтып жүр. Таңғы шық елінен күдер үзгендер енді компанияға берген ақшасын қайтара алмай әлек.
Екі айдан бері құрғақ уәдені қанағат тұтып келе жатқан тұрғындар туристік фирманың табалдырығын тоздырып жүр.
Компания мамыр айында 60-тан аса адамның әрқайсысынан 700 мың теңгеден жинап алған. Маусымда дайын болады деген құжаттан әлі хабар жоқ.
"Мен өзіме, келіншегіме 1 млн 336 мың теңге бердім. Енді бұл аз ақша емес, өзім бес тиынсыз 7-8 ай жұмыссыз болғам. Сол жұмыс таппағандықтан Кореяға кетуім керек болған. Енді сол кредитке алған ақшаны салып, мына жақтан кредит қысып жатыр, ал Кореяға аттандыруға тиіс кісі жоқ", - дейді жәбірленуші Рахат Майлыбаев.