50706
Қаңтар оқиғасы: арандатушылардың мақсаты не?
Қаңтар оқиғасы: арандатушылардың мақсаты не?
Қаңтар оқиғасы кезінде демонстрациялық ұрып-соғулар, тонаулар және адам өлтіру кеңінен қолданылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
«Сол күндері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында қылмыскерлер қаруды қолдану арқылы мақсатты түрде стратегиялық мемлекеттік және азаматтық нысандарды басып алып, қиратқан. Оның ішінде – әкімдіктер, әуежайлар, полиция ғимараттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, телевидение және байланыс, сондай-ақ сауда үйлері, қару дүкендері және азаматтардың мүліктері бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.Е.Қилымжановтың атап өтуінше, қаңтар оқиғасы кезінде демонстрациялы түрде ұрып-соғулар, тонау және адам өлтіру көп болған. Бұл әрекеттердің мақсаты көшелерде үрей туғызу, қылмыскерлердің жолында болған адамдарды қорқыту, жалған ақпарат тарату арқылы елдегі жағдайдың тұрақсыздануына қол жеткізу болды.
«Олар полиция қызметкерлеріне, әскерилерге және қарапайым адамдарға шабуыл жасады. Жолдардың жүру бөлігін жауып тастап, көлік құралдарын өртеді. Азаматтарды қорқыту арқылы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырды, тонаулар, ұрлық және зорлық-зомбылық жасады. Қылмыскерлер қару дүкендерін тонады, ұрланған қарудың көмегімен бейнежазба камераларын жойды. Салдарынан 100 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді, оның ішінде бизнес субъектілеріне - 92 млрд теңге. Жүздеген ғимарат пен көлік құралдары өртенді. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудағы қылмыстық әрекеттер адам өліміне әкеп соқты», - деді Елдос Қилымжанов.