50255
Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады
Әйгілі боксшы «Канело» мен GGG жекпе-жегіне болжам жасады
Мексикалық бокс аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин айқасына қатысты болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Көпшілік мексикалық стиль - соққы алып, жауап беру, өзін жауынгер сияқты ұстау деп ойлайды. Жоқ, мексикалық бокс, ол - техникамен соққы алмасу, ақылға салынған агрессия. «Канело» мексикалық стильді жақсы қолданады. Альварес үшінші жекпе-жекте қарсы соққы жасайды және айқас нокаутпен бітеді деп ойлаймын. Қателеспесем, сегіз не тоғызыншы раундта «Канело» жеңеді», - деді Хуан Мануэль Маркес.