218
2017 жылы белорустер электрмобиль шығармақшы
2017 жылы белорустер электрмобиль шығармақшы
Беларусьтің Ұлттық ғылым академиясы халық электрмобилін шығаратынын мәлімдеді. Оның концепті 2017 жылы таныстырылады, - деп хабарлайды Autonews.ru.
"Жаңа электрмобиль шығарғалы жатырмыз. 2017 жылы, Ғылым жылы сынақ үлгісі болады, өз электрқозғалтқышы болады", - деп мәлімдеді ҰҒА президиумының төрағасы Владимир Гусаков. Оның айтуынша, жаңа көлік электрмотор арқылы жүреді, оны белорус инженерлері жасайды.
Айтпақшы, елімізде де электропойыз және электромобиль шығаруды қолға алып жатқаны белгілі. Қазірдің өзінде электропойыз тұсауын кесіп, жүйткіп жүр.