50342
Аптап ыстық, тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Аптап ыстық, тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 тамызда Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.