50273
Ұлын ұрған ер адам қамауға алынды
Ұлын ұрған ер адам қамауға алынды
Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Қазір Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.