Үсік, жел: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Үсік, жел: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Үсік, жел: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50244
20 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды деп хабарлады  turkystan.kz. Қазгидрометтің мәліметінше, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ болжанып отыр. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс желі  күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 23 м/с дейін күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Жетісу облысындағы Алакөл аумағында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 28 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 23 м/с дейін артады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күндіз жылдамдығы 23 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болжанады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, өңірдің онтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 20-21 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде 2 градус үсік сақталады.  

Серіктес жаңалықтары