50283
Әкімнің қойын баққандар ақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)
Әкімнің қойын баққандар ақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)
Алматы маңындағы Ақши ауылының әкіміне қатысты шағым түсті. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
Журналиске әкімнің қойын бағатын қойшының әйелі хабарласып, ақысын ала алмай жүргенін айтқан.
«8 жылдан бері Төлеген дегеннің малын бағамыз. Бұрын кәсіпкер еді, соңғы жылдары ауыл әкімі болды. Уәде берген не үйі, не малы, не ақысы жоқ. Күйеуім көктемде инсульт алып жатып қалды. Содан бері малыңды санап ал десек, не малды қабылдамайды, не ақымызды бермейді, қойды тастап біз кете алмай әрі-сәрі жүрміз» дейді Дариякүл апай. 8 жыл 500 бас қой баққан малшылар еңбегімізге 1 құлынды жылқы, 4 сиыр, 58 бас қой тиесілі дейді. Алайда мал иесі Ақши ауылдық округ әкімінің өз уәжі бар. Малдың жайын баққан біледі демекші, 599 бас қойға айына 100 мың теңге тым аз емес пе? Сіздің ауылдағы қойшылар қанша алып жүр?» деп жазды журналист.Ал Ақши ауылының әкімі Төлеген Омаров арада ешқандай келісімшарт жасалмағанын айтты.
«Әрине, ортамызда ешқандай келісімшарт жоқ. Бірақ ақшасы уақтылы төленіп тұрды. Малымызды төлеп бер десек, 430 қозыны орнына қойып бер десек, ол кісі төлемей жатыр. ...Заңды түрде малдың иесі болғандықтан мен қатынасым жоқ, өйткені қазір мемлекеттік жұмыста істеп жатырмын», – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram