Украина Еуроодақтан қаржылай көмектің екінші бөлігін алды

Украина Еуроодақтан қаржылай көмектің екінші бөлігін алды

Украина Еуроодақтан қаржылай көмектің екінші бөлігін алды
ашық дереккөзі
222
Еуропалық одақ Украинаға 55 миллион еуро көлемінде қаржылай көмектің екінші траншын жіберді. Бұл жөнінде Украинаның қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.
Ақша ұлттық валюта бойынша алынып, мемлекеттік бюджеттің шығысын қаржыландыруға жұмсалады. Қаржылай көмек Украинаның коррупцияға қарсы заңдарына, мемлекеттік басқару және сайлау заңдарына реформа жүргізілгеннен кейінгі Еурокомиссияның берген бағасынан соң бөлініп отыр. Украина мен ЕО 2014 жылы қаржылай көмек көрсету жөніндегі келісімге келген. Биылғы жылы жіберілген бірінші транштың жалпы сомасы 250 миллион еуро.

Серіктес жаңалықтары