Кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді құтқарған кім екені белгілі болды

Кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді құтқарған кім екені белгілі болды

Кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді құтқарған кім екені белгілі болды
ашық дереккөзі
50457
Қызылордада 19 тамыз күні екі жасар сәби төрт метрлік құдыққа құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Қуанышқа орай, сол маңнан өтіп бара жатқан 15 жастағы жасөспірім сәбиді құтқарып қалды. Ол еш ойланбастан баланы құтқаруға ұмтылған. Қазір бала да, жасөспірім де аман. Сәбидің анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген жоқ. ТЖ департаментінде де бұл факті тіркелмеген. Осыған байланысты жас құтқарушының есімін анықтау мүмкін болмады. Өңірлік «Сыр бойы» басылымы жас батырды іздеп тапты. 15 жастағы Арман Аманжолов Арал ауданы Бөген ауылынан Қызылордаға оқуға түсуге келген.
«Сол күні екі жарым жасар бала анасының алдына түсіп зырғып бара жатты. Мен телефоннан әуен тыңдап келе жатқанмын. Кенет анасының жан даусы шықты. Қарасам, екі аяғымен кәріз құдығына түсіп кетіпті. Бар ойым құтқару болды. Құдыққа түстім. Сол сәтте денелі бір аға жүгіріп келді. Ол бірінші баланы алды. Кейін мені шығарды. Балшық, сасық су екенін шыққан соң білдім», - дейді Арман.
Арман – көпбалалы отбасының кенжесі, екі ағасы мен екі апасы бар. М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне электрик мамандығы бойынша құжаттарын өткізген.

Серіктес жаңалықтары