ММА-ден әлем чемпионаты: Шыңғыс Жүсіпов алғашқы алтын медальді жеңіп алды

ММА-ден әлем чемпионаты: Шыңғыс Жүсіпов алғашқы алтын медальді жеңіп алды

ММА-ден әлем чемпионаты: Шыңғыс Жүсіпов алғашқы алтын медальді жеңіп алды
ашық дереккөзі
50314
Қостанайлық Шыңғыс Жүсіпов 17-20 тамыз аралығында Абу-Дабиде өткен ММА-ден әлем чемпионатында алтын медаль алды деп хабарлады turkystan.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жүсіповтің бапкері Марат Әліпбаев спортшысының жеңісі туралы Instagram парақшасында жазды.
«Еліміздің Әнұранын шырқатып, Қазақстанның Туын желбіретті. Қазақстандық ММА, Шыңғыс Жүсіпов және мен үшін тарихи сәт! ММА-ден әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі», - деп қуанышты жаңалықты жеткізді бапкер.
 width= Шыңғыс Жүсіпов жасөспірімдер арасында бірінші орын алды. Чемпионатта әлемнің 20 елінен 28 қарсылас бақ сынады. Шыңғыс алты жекпе-жек өткізіп, бесеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Шыңғыс өзі де әлеуметтік желілерде жеңісі туралы айтты. Белгілі болғандай, «алтынға» жету жолы оңай болған жоқ, тіпті спортшы чемпионатқа кешігіп қала жаздаған.
«Бұл жарысқа үлкен күш жұмсалды. 13 тамызда Алматыға жаттықтырушыммен ұшып, аман-есен қонып, жарысқа бару үшін келесі күнді күттік. 14 тамызда ұшуымыз керек болған еді. Билеттер бұрыннан сатып алынған. Енді билеттерді алу кезегі бізге келгенде, кенет белгісіз себептермен олар рейстен алынып тасталғаны белгілі болды. Мен сол сәтте қатты уайымдадым», - деп атап өтті Шыңғыс Жүсіпов.
Бірақ бапкер Әліпбаев оның шешімін бірден тапқан. Спортшы мен жаттықтырушы Нұр-Сұлтанға ұшып, сол жерден БАӘ-ге ұшатын рейске жетіп үлгерген.
«Ұшуым үшін бәрін жасаған бапкеріме алғысым шексіз. Қолдағаны үшін командама рақмет», - деп түйіндеді спортшы.
 

Серіктес жаңалықтары