50260
Үш баласын суға батырған әйелдің әрекеті жаға ұстатты
Үш баласын суға батырған әйелдің әрекеті жаға ұстатты
Алматыдағы Сайран су қоймасында суға батып кеткен үш баланың анасының әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Оның ең кіші баласы шамамен 1 жарым жаста. Оқиға орнына кездейсоқ келгендер балаларды өлімнен құтқарып қалған. Қоғам белсендісі Ақмарал Басированың ақпараты бойынша, бұл Алматы тұрғынының адам өлтіруге оқталған алғашқы әрекеті емес. Отағасы көп жұмыс істейді, ал көршілері әйел туралы теріс пікірде.
Қоғам белсенділері істі назарға алуды және анасын мәжбүрлеп емдетуді талап етіп отыр.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл фактіні Әуезов аудандық Полиция басқармасы тексеріп жатқанын хабарлайды. Мән-жай анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.