50554
Киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін
Киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін
Келесі жылы киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
«Келесі жылы спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Бұған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін айтқан болатынбыз. Киіктерді атуға 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралып жатыр, қазан айының соңына дейін нақты бір шешімге келеміз», - деді министр Үкімет отырысында.