Тұрмысы төмен азаматтарға азық-түлік сатып алу үшін арнайы карта беріледі

Тұрмысы төмен азаматтарға азық-түлік сатып алу үшін арнайы карта беріледі

Тұрмысы төмен азаматтарға азық-түлік сатып алу үшін арнайы карта беріледі
ашық дереккөзі
50357
Күзде елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға супермаркеттерден азық-түлік сатып алуға арналған әлеуметтік карталар беріледі. Бұл туралы бас шаһардың кәсіпкерлерімен кездескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қала басшысының сөзінше, елорда әкімдігі ірі «Магнум» супермаркеттер желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру бойынша жұмыс істейді.
«Әлеуметтік карта жобасын пилоттық режимде іске қосқымыз келеді. Яғни, біз субсидиялайтын азық-түліктер әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың қолына тиюі тиіс. Әлеуметтік карталарды шығарып, жобаны күзде пилоттық режимде бастаймыз», - деп жоспарларымен бөлісті Алтай Көлгінов.
   

Серіктес жаңалықтары