50334
Құдыққа құлаған сәбиді құтқарып қалған жасөспірім марапатталды
Құдыққа құлаған сәбиді құтқарып қалған жасөспірім марапатталды
Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловты тәртіп сақшылары марапаттады деп хабарлады turkystan.kz.
Жас жігітті қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қол сағатын салтанатты түрде табыс етті деп жазды stan.kz.
«Біз көрсеткен батылдық пен батырлық үшін алғысымызды білдіреміз. Сіз нағыз батырсыз!» – деп, Жаназаров Арманға диплом мен естелік сыйлықты табыстады.Еске салайық, 19 тамыз күні Қызылордада төрт метрлік құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды. Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы – электрик. Көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.