217
Зейнетақы қорындағы тексерістердің қорытындысы мәлім болды
Зейнетақы қорындағы тексерістердің қорытындысы мәлім болды
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің Бірыңғай жинақтаушы зайнетақы қорын (БЖЗҚ) тексеруіне орай түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«БЖЗҚ шаруашылық қызметінен өзінің капиталы мен қаржысына ие, Ұлттық банктің қатысуынсыз инвестицияларды өз еркімен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта тексеру жүргізуге Ұлттық банк мамандарын жұмылдыру үшін ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойыша департаментінен өтінім келіп түсті. Әзірге, тексеру шаралары аяқталған жоқ. Атап айтқанда, Ұлттық банк мамандары осы тексеруге қатысып жатыр. Осы орайда тексеру әлі де аяқталмағандықтан, қандай да бір пікір айту ерте деп ойлаймын», - деді Ақышев.
Мәжілістегі жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Бірыңғай жинақтаушы зайнетақы қоры «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.