ПД үш баласын суға тұншықтырған әйелдің «жоғалып кеткеніне» қатысты пікір білдірді

ПД үш баласын суға тұншықтырған әйелдің «жоғалып кеткеніне» қатысты пікір білдірді

ПД үш баласын суға тұншықтырған әйелдің «жоғалып кеткеніне» қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50292
Алматыдағы Сайран көлінде үш баласын тұншықтарған әйелдің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты.  Осы оқиғадан кейін әйел психикалық денсаулық орталығына жіберілген болатын. 25 тамызда БАҚ-та оның орталықтан шығарылғаны және қазір оның қайда жүргені белгісіз екені жазылған ақпарат пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы Полиция департаменті әйелді босатты деген ақпарат құқық қорғау органдарына түспегенін жеткізді.
 «Әуезов аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, әйел оқиғадан кейін бірден арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Қылмыстық іс аясында сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органға оның шығарылғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Ең алдымен, ол осы медициналық мекемеде болады», - деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қоғам белсендісі Ақмарал Басирова Liter.kz журналисінің сұрағына жауап берді.  Ол өзіндегі  ақпарат бойынша, әйел психологиялық денсаулық орталығынан шыққанын айтты. Алайда аталған орталық ақпаратты ресми түрде растамаған. Әйелдің дәл қазір қайда екенін айтуға болмайды. Ал әкесі мен балалары жалдамалы пәтерден көшіп кеткен. Бұл туралы қамқоршылық қызметкерлеріне пәтер иесі айтқан. Олардың қайда екені белгісіз.    

Серіктес жаңалықтары