Дәретханадағы сәбиді құтқарған сәттен видео жарияланды

Дәретханадағы сәбиді құтқарған сәттен видео жарияланды

Дәретханадағы сәбиді құтқарған сәттен видео жарияланды
ашық дереккөзі
50166
Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Кеше түнде қаланың Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға арналған арнайы іс-шара өтті.
"Бізге түнгі сағат екіде кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағандығы туралы қоңырау келіп түсті. Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма “бала қайда?” деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу-жедел тобы келді, оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденінен тақталарды тез алып тастадық.  Әріптесім Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық", – деді Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.
17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, ол қызының жүкті болғанын білмеген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдарын басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=k75R2e0WKao&t=67s&ab_channel=PolisiaKZ  

Серіктес жаңалықтары