Шетелдіктерге қазақ тілін үйрету: цифрлық технологиялардың қандай мүмкіндігі бар? 

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрету: цифрлық технологиялардың қандай мүмкіндігі бар? 

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрету: цифрлық технологиялардың қандай мүмкіндігі бар? 
ашық дереккөзі
50472
2022 жылғы 25 тамызда үш күнге созылған Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн семинары өз жұмысын аяқтады. Соңғы күнгі сабақты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Əдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Əділбекқызы Орманова жүргізіп, «Абай институты» жобасы туралы әңгімеледі.  width= 2020 жылы іске қосылған «Абай порталы» жөнінде кеңінен айтты. Бұдан басқа tilalemi.kz сайты көмекке келеді. Оның айтуынша, «Абай институты» жобасы Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттауға арналған жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттері үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілетуге арналған, сондай-ақ Абайдың шығармашылығы мен идеялары жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
 «Жалпы, технологияның қатты дамып жатқан кезеңінде қазақ тілін оқытушыларға арнап осы бағыттағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыру – кезек күттірмейтін мәселе. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бірқатар жұмыс атқардық. Тіл оқытушы мамандардың тарапынан сұраныс артып келеді. Осы үш күнге ұласқан басқосудың өзіне әлемнің АҚШ, Германия, Испания, Польша, Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы елдерінен 100-ге жуық адам қатысты», – деді Айгүл Әділбекқызы.
Іс-шара барысында Сүлейман Демирел  университеті MDE орталығының ғылыми координаторы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Райхан Жалғасбайқызы Абнасырова мен осы аталған оқу орнының оқытушысы Əлия Маратқызы Закария қатысушыларға құнды ақпараттарын ұсынып, қызықты дәріс берді.
Өзбекстаннан Халима есімді әріптесіміздің: «Курс ашып, жақсы істеген екен, қазіргі таңдағы тиімді де тың дүниенің есігін ашқандай болдық» – деген пікірі көпшіліктің көкейіндегі ойды танытқандай.
Семинарды Орталықтың бас директоры Ербол Тілешов қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификат табыстады.  

Серіктес жаңалықтары