Бір күнде барынан айырылған базар саудагерлері наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Бір күнде барынан айырылған базар саудагерлері наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Бір күнде барынан айырылған базар саудагерлері наразылыққа шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50236
Түркістан облысындағы базар өртіне байланысты азаматтардан 600-ге жуық арыз-шағым тіркелді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жетісай қаласындағы базар өртінен кейін полицейлер халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Десек те, бір түнде барынан айырылған саудамен айналысатын тұрғындар  наразылық білдірді. Олар бүгін сағат 11:05-те М.Әуезов көшесінің бойында жиналып, жолды жапқан болатын. Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірден әрбір тұрғынмен түсіндірме жұмысын жүргізіп, нәтижесінде бір сағаттан соң азаматтар үйлеріне тарқады. Қазір аудандағы жағдай тұрақты. Полицейлер жолдарды, базар аумағын бақылауға алды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары өрттің салдарынан мүлкі жарамсыз болған кәсіпкерлердің шығындары бойынша арыздарын қабылдап жатыр. Қазірдің өзінде полицияға 600-ге жуық арыз тіркелді. Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда 03:00 шамасында Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базары өртке оранған болатын. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар, 300-ден астам полицей тартылды. https://www.youtube.com/watch?v=2x6nmaMiscM&ab_channel=PolisiaKZ

Серіктес жаңалықтары