52280
Ақтау қаласында Шотан батырға ескерткіш орнатылды (ВИДЕО)
Ақтау қаласында Шотан батырға ескерткіш орнатылды (ВИДЕО)
Бүгін Ақтауда Шотан батырға орнатылған мемориалдың ашылу салтанаты өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Ескерткіш әуежай жолының қиылысында орналасқан.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, депутаттар, қоғам белсенділері, Шотан батыр ұрпақтары мен қала тұрғындары қатысты.
«Шотан Назарұлы – Жоңғар шапқыншылығында жерімізді жаудан азат еткен батырлардың бірі, кіші жүздің тумасы. Батырдың бүгінгі ұрпағы оның ерлігін мақтан тұтады. Бүгін өңір үшін ең маңызды тарихи күннің куәсі болып отырмыз. Біздің ортақ міндетіміз — батыр бабаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елі, жері үшін күрескен, ұлан-ғайыр атырапты жаудан қорғаған батыр ата-бабамыздың ерлігін мәңгі есте сақтау керектігін атап өтті. Сондықтан ерлеріміздің даңқын асқақтатып, салт-дәстүрімізді қоса ұлықтауымыз керек. Кең байтақ жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің болашағы үшін тәуелсіз тұтастығымыз жолында күрескен ата-бабамыздың көзсіз ерлігі біз үшін әрқашан үлгі»,- деді Нұрлан НоғаевАйт кетейік, Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ер Шотан Абылай хан мен Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды батырлармен бірге қазақ жерін жаудан қорғаған. Бүгінгі ескерткіш Шотан батыр ұрпақтарының бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен орнатылды. Ескерткіштің авторы – суретші, мүсінші Көшер Байғазиев. Монументтің биіктігі – 12 метр, салмағы – 5 тонна. Құрылысы 2021 жылы басталды.